Меню KDT

«Мен және менің достарым» тренингі


Астана  қаласының №27 мектеп-лицейінің әлеуметтік-психологиялық  қызметі атынан педагог-психолог А.М.Нургожина және 2 «Б» сыныптың сынып жетекшісі Н.В.Гаркушинаның қатысуымен 2 «Б»  сынып оқушыларына «Мен және менің досым» атты тақырыпта тренинг сабағы өткізілді.

          Тренингтің мақсаты: сыныпта достық қарым-қатынасты, бір-біріне көмектесу сезімін, сенімділікті қалыптастыру және балалардың бір-бірімен ашық қарым-қатынас орнатуға бағыттау.

Міндеттері: тренинг барысында сыныпта жағымды атмосфераны құру; балалар арасында өзара түсіністікті қалыптастыруға баулу; ынтымақтастықты, топтық сенімділікті және бір-бірін қабылдауды үйрету. 

          Іс-шара сыныпта достық қарым-қатынасты қылыптастыруға және жақсы эмоциялар мен сезімдерді дамытуға, коммуникативті қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Оқушылар тренингке белсеңді қатысты, өйткені әр түрлі әдістер қолданылған еді: ойындық жағдайлар, қозғалатын жағдайлар және т.б.

Тренинггтің мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келеді, өйткені 2 сыныпта балалардың коммуникативті қарым-қатынастарын қалыптастыру қажет, сонымен қатар достыққа құндылықпен қарауға, бір-бірімен әңгімелесуге, сөздерін бөлмеуге үйрету қажет. 

Тренинг жоғары эмоционалды деңгейде өтті. Іс-шараны өткізу барысында топпен, ұжыммен жұмыс жасау, креативті ойлау сияқты қабілеттері байқалды.


Комментариев нет
Просмотров: 355
Автор: 27mektep
Сайт: 27sl-astana.edu.kz
Добавлено: 02.11.2022 в 16:27