
«Мұнаймаш» АҚ-ға 9-сынып оқушыларына арналған саяхат
Мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес 2022 ж. 31.10 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 9 сынып оқушылары «Мұнаймаш»АҚ-ға барды. Оқушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Мещеряков Дмитрий Сергеевич - сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарда инженер-бағдарламашы балаларға саяхат өткізді, оның шеңберінде оларға мұнай-газ жабдықтарын жобалау, өндіру және жөндеу бойынша процесс көрсетілді. Саяхат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.
фотоесеп
Комментариев нет
Просмотров: 123