Меню KDT

Полиция департаментінің жанындағы облыстық кинологиялық қызмет орталығына саяхат


Күзгі демалысқа арналған іс-шаралар жоспарына және мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес 2022 ж. 02.11 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің  3 "В", 9 "Б", 11 "А" сынып оқушылары полиция департаменті жанындағы облыстық кинологиялық қызмет орталығына барды. Оқушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Полиция майоры, аға инспектор-кинолог Карибаев Ерік Байғалиұлы балаларға саяхат өткізді, оның аясында иттермен жұмыс істеу ерекшеліктері, оқыту нәтижесінде қолданылатын құралдар мен қарғыбаулар туралы айтты. Оқушылар иттерді көрі, жаттығу процесін бақылады. Саяхат соңында кинолог мамандығына қайда оқуға болатындығы және осы кәсіби қызмет үшін қандай жеке қасиеттерге ие болу керектігі туралы сұрақтар қойылды.

 

фотоесеп


Комментариев нет
Просмотров: 122
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 03.11.2022 в 16:44