
“Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-бұл ең жақсы мәдениет”
Мектебімізде 28.10.2022 жылы “Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-бұл ең жақсы мәдениет” акциясы өтті. Акцияның мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтына баулу.
7-11 сынып оқушылары арасында волейбол, футбол, стритбол, ұлттық ойындардан жарыс өтті. 6-сынып оқушылары “Қозғалыс - бұл өмір” тақырыбында эссе жазса, 5-сынып оқушылары флешмоб биледі. 1,2-сынып оқушылары “Спорт және мен” тақырыбында сурет салып, 4-сынып оқушылары спорт түрлеріне қатысты плакаттар жасады. 3-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге “Әкем, анам және мен - спортшымыз шетінен” отбасылық сайыста бақтарын сынады. Акцияға шамамен 2500 жуық оқушы қатысты. Іс-шара барысында оқушылар жоғары белсенділік танытты.
Акцияның өткізілуіне жауапты тұлғалар:
ДТЖО Хамитова А.Т.
Дене шынықтыру ӘБ жетекшісі Жакупов Г.А.
Дене шынықтыру мұғалімдері