
Қарттарға құрмет
1 қазан - халықаралық қарттар күні. "Ұлағатты ұрпақ" жобасы аясында мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымы мен мектеп парламенті қарттарға құрмет көрсетті.
Қарттарға құрмет
1 қазан - халықаралық қарттар күні. "Ұлағатты ұрпақ" жобасы аясында мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымы мен мектеп парламенті қарттарға құрмет көрсетті.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Кайроллаев пен аға тәлімгер Ж. Нурушова , Ұланбасы Н. Жанат пен мектеп оқушылары ізгілікті шараға бастамашыл болды. Қарттар мен егде жастағы науқастарды оңалтуға арналған «Серебрянный век» пансионатына барып, ізгі тілектері мен дәмді жеміс жидектерін тарту етті.
Айта кететін жайт, сый тартуларға жұмсалған қаражат ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні мектебімізде ұйымдастырылған Кино кешінен жиналған болатын.
Тағдырдың қызығы мен қиындығын көрген асыл қариялар мектеп ұжымына, оқушыларына өз алғыстарын білдірді.
Комментариев нет
Просмотров: 40