
Тренинг «Эмоционалды күйзелістің алдын алу»
2022 жылғы 04 қараша күні №27 мектеп-лицейінің психологиялық қызметі «Эмоционалды күйзелістің алдын алу» атты тақырыпта мектептің педагогтарымен тренинг өткізді. Тренингке 5-11 сыныптардың сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты. Тренингтің мақсаты ресурсты жағдайды іздеу мен педагог қызметкерлерінің эмоционалды күйзеліске қарсы тұруларына қатысты әдістер мен жолдарды іздеу болып табылады.
Міндеттері:
- Психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысты көзқарасты қалыптастыру;
- Қатысушыларға жеке ресурс күйлерін белсендіруге көмектесу;
- Ұжымда эмоционалдық еркіндік пен ашықтықты, достық пен бір-біріне деген сенімді атмосферасын құру.
Мұғалім мамандығы үлкен төзімділікті және ұстамдылықты қажет етеді. Басқа адамдармен көптеген байланыстардан мұғалім үлкен эмоционалдық стресске, күйзеліске түседі. Сондықтан да мұғалім өзінің эмоционалды көңіл-күйін және психологиялық денсаулығын сақтап қалу қажет.
Тренинг барысында педагогтардың зін-өзі бағалауын жақсартуға, эмоционалды күйзелісті жеңілдетуге, психикалық шаршауды төмендетуге бағытталған әр түрлі жаттығулар орындалды.
Тренингтің соңында мұғалімдермен кері байланыс жасалынып, олардың бір-біріне деген тілектері тыңдалып, «кәсіби» шаршауды алдын алу мен арылуға қатысты ұсыныстар берілді.