Меню KDT

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсы

2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі.


 
🔹Бүгін, 2022 жылғы 4 қарашада екі білім беру ұйымының базасында «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ және «ЛОРД» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың осы кезеңі үшін 182 зерттеу жобасы іріктелді.
🔹Конкурсқа жас зерттеушілер - 2-7 сынып оқушылары жеке және командалық құрамда (2 қатысушыдан артық емес) қатысады.
🔹Қазылар алқасы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамынан, облыс колледждері мен мектептерінің педагогтарынан құрылды.
Конкурстың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңде 1 орын алған оқушылар жас топтары бойынша әр секцияға бір конкурстық жұмыстан артық емес (кіші топ – 2-4 сыныптар, аға топ - 5-7 сыныптар) өтеді.
🔹Байқау қорытындысы біздің ресми сайтымызда жарияланады.
📎Протоколдар: https://drive.google.com/.../1pk0e8mepF-8SgtG_Zyvn348PH...


Комментариев нет
Просмотров: 531
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 04.11.2022 в 10:52