Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы – бұл мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен жұмысының негізгі нысаны, онда сынып қоғамдастығының өміріндегі және мектеп пен үйде оқушыларды тәрбиелеудің маңызды мәселелері талқыланып, шешімдер қабылданады.
І тоқсанның қорытындысы бойынша Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінде 1-11 сынып ата-аналары арасында «1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі», «Отбасы – тәрбие басы», «Алғашқы ұстаз – ата-ана», «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде», «Тәлімді тәрбие мен сапалы білім – жарқын болашақтың кепілі», «Баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері», «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ», «Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс», «Рухани-адамгершілік тәрбиенің отбасында алар рөлі», «Мектеп оқушыларының өмір жолын анықтаудағы отбасының рөлі», «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы – нәтижелі білім негізі» және т.б. тақырыптарда ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жиналыс жаңа форматта өткізілді: әңгімелесу, «сұрақ-жауап», «дөңгелек үстел», тренинг, "ми шабуылы" және т. б.

Автор: b146skobilim
Добавлено: 02.11.2022 в 10:05