Меню KDT

ROBOTIME 2022


  29-шы қараша күні Оқушылар сарайында Роботайм конкурсы өтті. Мақсаты мектеп жасындағы оқушылардың робототехникаға құштарлығын ояту. Мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап өтетін болсақ, "кегельринг квадро" номинациясы бойынша 6-сынып оқушылары Айдосұлы Санжар мен Тоқтарова Нұрай І орынға ие болды. Ал "жолақтар бойымен" номинациясы бойынша 5-сынып оқушысы Нурмағанбет Алихан және 6-сынып оқушысы Алпысова Дильназ ІІ орынға ие болды. Жетекшісі информатика пәні мұғалімі Ерлан Ермекұлы екенін атап өткен жөн.

              


Комментариев нет
Просмотров: 85
Автор: b146skobilim
Сайт: mektep6.kz
Добавлено: 03.11.2022 в 14:30