Меню KDT

Іс-тәжірибе бөлісу шебер сыныбы


18.10.2022 ж. «Шебер ұстаздар» озат тәжірибе мектебінің ұйымдастыруымен авторлық әзірленімдері республика, қала көлемінде таратылған ұстаздармен іс-тәжірибе бөлісу шебер сыныбы өтті.
Мақсаты: авторлық әзірленімдері республикалық, қалалық көлемде таратылған ұстаздармен іс-тәжірибе алмасу.
Міндеттері:
▪ Авторлық әзірлеме жазуда әдістемелік көмек көрсету;
▪ Ұстаздардың республикалық, қалалық деңгейден өткен авторлық жұмыстарының іс-тәжірибесін тарату;
▪ Шығармашылық бастамаларды қолдау.
Тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Идрисова дүниежүзі тарихы пәнінен құрастырған әдістемелік оқу құралымен таныстырды. 5-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құралы мұғалімдерге ұсынылған оқу бағдарламасындағы бөлімдердің барлық сабағының сипаттамасын қамтиды. Таныстырылым барысында әдістемелік кешеннің оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты жаңа педагогикалық тәсілдерді, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын қамтығанын айтты.
Бастауыш сынып мұғалімі С.И.Эсанаманова Ғали Ормановтың өмірі мен шығармашылық өнерін, қазақ поэзиясындағы өлеңді бейнелу, суреттеумен берген сан-салалы өлеңдерін оқушыларға таныту, поэзиясын меңгерту арқылы балаларды өмірге бейімдеу мақсатында құрастырған «Ғалитану» 3-сыныпқа арналған факультатив курс бағдарламасын ұсынды. Ғали Ормановтың өмірі мен қоғамдық орны, аудармашы, публицист, поэзиядағы алғашқы бастаулары, қалыптасуы, дамуы туралы мәліметтері беріліп, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жасалғандығына тоқталды. Мектеп бағдарламасында оқытылмайтын өлеңдері тарауларға бөлініп берілді. Бағдарлама шәкірттердің Ғали ақынның поэзиялары арқылы әдебиетке құштарлықтарын арттырып, ауызша және жазбаша тапсырмаларды, шығармашылық жұмыстарды орындауға бағытталғандығын айта келе өз тәжірибесімен бөлісті.
Қатысқан мұғалімдер кері байланыс жасап, жұмыс жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгергендігімен бөлісіп, алдағы уақытта тәжірибеде ұтымды қолданатынын айтты.
___________________________________________
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  


Комментариев нет
Просмотров: 36
Автор: 7mektep
Сайт: www.7.astana-bilim.kz
Добавлено: 18.10.2022 в 22:54