
Әбіш оқулары конкурсы
"Астана дарыны " дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық Әбіш оқулары конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы. 2022 жылдың 27 қазанында Әбіш оқулары конкурсының қалалық кезеңі өтті. Қалалық кезеңге мектептен 4 номинация бойынша 4 оқушы қатысты.
"Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба" номинациясы:
🥇І орын - Слямова Назия, жетекшісі Елжашева Айымгүл Бекболатовна.
"Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша (прозасы, поэмасы) мәнерлеп оқу" номинациясы:
🥇ІІІ орын - Әбдікәрім Инабат, жетекшісі Ахмер Біржан Ермекұлы
"Сахналық қойылым" номинациясында:
🥇ІІІ орын - Берден Мағжан, Махамбет Ерсұлтан, Ғалымжан Алдияр, Әбдікәрім Инабат, Жумаева Арайлым. Жетекшісі Жарасбаева Дариға Асқарқызы.