«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.
Жоба аясында кітап оқудағы ата-аналар белсенділігін арттыру мақсатында «Ата-аналар оқуы», «Отбасылық оқулар» ұйымдастырылды. Төменгі сынып оқушыларын кітап оқуға тартудың бір әдісі ретінде оқушылардың күзгі демалыс күндеріндегі оқитын әдеби кітаптар тізімі беріліп, іс-шара ұйымдастырылды.
Комментариев нет
Просмотров: 81