
Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу
Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу – бүкіл қоғамның мәселесі. Балаларды жолда дұрыс жүріс-тұрысқа үйретуді ерте жастан бастау керек.
№72 мектеп-лицейінде 09.11.2022ж балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында Астана қаласы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығымен бірлескен бастауыш сынып оқушылары арасында «Салауатты мектеп – салауатты сынып!», «Жол қозғалысының жас инспекторы» акциясы өтті. Бұл іс-шарада жас жол инспекторларының бастауыш сынып оқушыларына арналған көрсетілім қойылымы ұсынылды.
Сонымен қатар, мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мен құқық бұзушылықтың алдын алу менеджері «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме әңгіме жүргізді.
Іс-шара соңында концерттік бағдарлама ұсынылды. Астана қаласының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығы №72 мектеп-лицейінің жас жол қозғалысы инспекторларын мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады.