«Менің сүйікті өлкем» атты мәнерлеп оқу байқауы»
Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 2022 ж. 08.12 5-7 сынып оқушыларына арналған «Менің сүйікті өлкем» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың бойында азаматтық пен патриотизм негіздерін қалыптастыру, Отан туралы әдеби поэтикалық шығармаларға жағымды эмоционалды қатынасты тәрбиелеу, өз Отанына деген мақтаныш сезімін, туған жерге, оның табиғатына, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу. Іс - шараға байқауға қатысушылар мен қазылар алқасы: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.В.Покатилова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.К.Бактыбаева, мектеп парламентінің өкілі Даниэль Коновалов - 9 "В" сынып оқушысы және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.К. Кусаинова қатысты.
Орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Абулгазиева Диана -5 «Г» сынып
2-орын – Григорьева Вероника-5 «В» сынып
Чех Максим- 6 «А» сынып
3-орын – Киянбеков Гани-5 «В» сынып
Буряк Анна- 7 «А» сынып
Бейсембаева Арина-7 «Б» сынып
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
фотоесеп
facebook