«Баланың көзімен сыбайлас жемқорлық» суреттер байқауы
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, шығармашылық бастаманы дамыту мақсатында 2022 ж. 28.11-09.12. аралығында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 6-9 сынып оқушыларына арналған «Баланың көзімен сыбайлас жемқорлық» суреттер байқауы өтті. Балалар осы іс-шараға қызығушылық танытып, суреттердегі сыбайлас жемқорлық сәттеріне деген көзқарастарын көрсетті. Жұмыстар әр түрлі сурет салу техникасында жасалды және қызықты болды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың көркем шығармашылығы мен азаматтық ұстанымын бағалады.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Педченко Анастасия- 9 «Б» сынып
2-орын – Иконникова Софья - 9 «Б» сынып
Коренькова Юлия- 8 «Б» сынып
3-орын – Лысенко Анастасия-6 «А» сынып
Слесарева Виктория-7 «А» сынып
Коробкова Ирина-7 «В» сынып
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!
фотоесеп
facebook