Код сағаты 2022
5 желтоқсан мен 11 желтоқсан аралығында республикамызда «Код сағаты 2022» халықаралық акциясы өткізілді. Қазақстанда бұл акция 2015 жылдан бері өткізіліп келеді.
Код сағаты-бұл 180-ден астам елден бірнеше миллион студенттер мен мектеп оқушыларын қамтитын қызықты жаһандық қозғалыс. Мақсаты: қатысушыларды бағдарламалаумен қарапайым және қызықты түрде таныстыру, оларға нақты ғылымдарға қызығушылық таныту.
Код сағаты-бұл бір сабақтан тұратын сабақ, онда оқушылар IT технологияларымен танысады.
Осы акцияға біздің мектептің оқушылары да қатысты. Сабақ барысында балалар "жасанды интеллект", "нейрондық желі" ұғымдарымен танысты, жасанды интеллект көмегімен шешуге болатын міндеттер туралы білді, жасанды интеллект негізінде ойындар ойнады, роботты теңіздегі қоқыстарды сүзуге үйретті.
Оқушылар қызығушылық танытты, тапсырмаларды ынтамен орындады.
Сабақ соңында оқушылар жасанды интеллект көптеген мәселелерді шеше алады және адам қызметінің әртүрлі салаларында қолдануды табады және біздің өмірімізді жеңілдетеді деген қорытындыға келді.