Меню KDT

"Тәуелсіздік-басты құндылық" кітап көрмесі


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Кітап оқитын мектеп" жобасы аясында "Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп" КММ кітапханасында 2022 ж. 12-19.12 аралығында 1-11 сынып оқушылары үшін "Тәуелсіздік – басты құндылық" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты - Тәуелсіздік алғаннан кейін Егемен Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді насихаттау, патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу. Көрмеде оқушылардың назарына Қазақстан тарихын бейнелейтін, егемендікке апаратын жол, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, өткен кезеңдегі жетістіктер туралы баяндайтын кітаптар ұсынылды. Көрме ғасырлар бойғы тарихымызды ашу, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларын түсіну, Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау, ұлттық сана-сезімді, толеранттылықты тәрбиелеу арқылы ұрпақтар мен заман байланыстарын көрсетеді.



фотоесеп


facebook


Комментариев нет
Просмотров: 133
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 14.12.2022 в 08:15