Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу жолы туралы фильмдер көру
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп" КММ-де 2022 жылдың 12-15.12 аралығында 8-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу жолы туралы фильмдерді көру ұйымдастырылды.
Оқушылар тәуелсіз Республиканың қалыптасу және даму тарихымен, мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдерімен – Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін танысты, сондай-ақ 1986 жылғы желтоқсандағы толқулары және осы оқиғаларға қатысушылар-Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Шора Қарабаев туралы презентациялар көрсетілді.
фотоесеп
facebook
Комментариев нет
Просмотров: 139