"N 24 орта мектеп" КММ 13.12.2022 жылы "О" сыныбында "Гүлдей бер, менің Қазақстаным" әдеби-музыкалық композициясы өтті.
"N 24 орта мектеп" КММ 13.12.2022 жылы "О" сыныбында "Гүлдей бер, менің Қазақстаным" әдеби-музыкалық композициясы өтті. Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері қоршаған әлеммен танысу бойынша " Гүлдей бер, менің Қазақстаным!" атты ашық сабаққа ықыласпен қатысты.
Сабақ балалардың сәлемдесуінен алудан және ҚР Әнұранын орындаудан басталды. Одан әрі балалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерін оқыды.
Мұғалім Қазақстан рәміздері бойынша презентация жасап, балаларға мемлекеттік рәміздерде (Ту, Елтаңба) өте пайдалы және маңызды ақпарат шифрланғанын түсіндірді.
Сабақтың ортасында "Киіз үй" және "Не, қайда орналасқан?" дидактикалық ойыны өткізілді, балалар белсенді қызығушылықпен қатысты.
Сабақтың келесі кезеңінде "Менің Қазақстаным" викторинасы өтті, онда балалар қойылған сұрақтарға үлкен құмарлықпен жауап берді және өз елін қызығушылықпен таныды. Оқушылар Самұрық құсы туралы аңызды сахналауда да белсенділік пен қызығушылық танытты.
Сабақ барысында сыныпта ынтымақтастық, өзара көмек көрсету ахуалы орнады, балалар өз ойлары мен болжамдарын еркін, қымсынбай жеткізе алды.
Сабақ қызықты, эмоционалды, танымды өтті.
Video: https://fb.watch/hqkMaxpBBZ/
https://fb.watch/hqkN45OFtx/