Меню KDT

Қалалық оқушылар гимназиясының бағдарламасындағы волейболдан финалдық ойындары өтті


 

Қалалық оқушылар гимназиясының бағдарламасындағы  волейболдан финалдық ойындары өтті
2022 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласының № 56 мектеп-лицейінде қалалық оқушылар Гимназиадасының ұлдары мен қыздары арасында волейболдан финалдық ойындары өтті.
Жарыс 2022 жылғы 10 қазан мен 14 желтоқсан аралығында 2022-2023 оқу жылына арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізілді және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылды.
Жарысқа 86 жасөспірімдер командасы (1032 қатысушы) және 82 қыздар командасы (984 қатысушы) қатысты. Гимназиада да мектебіміздің қыздар волейбол командасы жеңіске жетті. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ жарыстың үздік ойыншылары Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.

 


Комментариев нет
Просмотров: 221
Автор: 16mektep
Сайт: www.16.astana-bilim.kz
Добавлено: 14.12.2022 в 16:23