2022 жылдың 21 желтоқсанында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында Петропавл қаласы Білім басқармасының өкілдерімен және орта білім беру ұйымдарының басшыларымен кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кездесу өтті.
2022 жылдың 21 желтоқсанында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
Іс-шараға қатысушылар ЖОО-ның жетістіктерімен, жақын болашаққа арналған жоспарларымен және келешектерімен танысты, сондай-ақ жаңа оқу-зертханалық корпус бойынша экскурсияға қатысты.
Факультет декандары өз кафедраларының құрылымы мен мамандықтары туралы ақпарат беріп, білім беру бағдарламаларын таныстырды.
Кездесу барысында білім беру ұйымдарымен кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша бірлескен қызметті дамыту стратегиялары талқыланды.
Комментариев нет
Просмотров: 442