Меню KDT

«Soz naiza» дебат клубы


Тарих апталығы аясында атаулы күндерге орай «Soz naiza» дебат клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30 жыл » атаулы күнге арналған «Әскери патриотизмнің әлеуеті зор» атты 10-11 сыныптар арасында пікірсайыс өтті. Мақсаты: Оқушыларда Қазақстандағы Қарулы күштер туралы түсінік қалыптастыра отырып, әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы және міндетін өтеу парыз екенін түсіндіріп, ҚР - сының Қарулы Күшінің тарихи кезеңдерін білуге,
Қарулы күштердің мемлекетімізді сыртқы жаудан қорғау үшін қажет екенін түсіндіруге, отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеуге, отанымыздың Қарулы Күштерін мақтаныш етуде, патриоттық сезімдерін ояту.Пікірсайыстың құрметті қонағы Қазақстан Ұлттық Ұлан Академиясының оқытушысы Малибаев Марат Мусаипович сөз сөйлеп оқушыларымызға әскери оқу жөнінде 10-11 сынып оқушыларымен өз ойымен бөлісіп,пікірсайысшылардың мардымды жауаптарына өте ризашылығын білдірді.
Қызу пікірсайыс нәтижесінде екі палатада өз озық идеяларымен тең дәрежеде жүлделі болып,«Үздік спикер» номинациясын 11 сынып оқушысы ------- Диляра иеленді.
Пікірсайыс соңында келген қонақтар мен көрермендер 6 сынып оқушысы Ералы Талғаттың әсем «Самға» әнін тамашалады.


Комментариев нет
Просмотров: 101
Автор: b1437skobilim
Сайт: www.b1437.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.12.2022 в 14:47