Меню KDT

Ағымдағы жылдың 12-15 желтоқсан аралығында мектебімізіде «Ұлы дала төсіндегі мәңгілік ел» атты тарих апталығы ұйымдастырылуда.


Ағымдағы жылдың 12-15 желтоқсан аралығында мектебімізіде «Ұлы дала төсіндегі мәңгілік ел» атты тарих апталығы ұйымдастырылуда. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, осы деңгейге жетудегі тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларды оқушыларға насихаттау. Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл, Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының туғаны 150 жыл, Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл, Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 110 жыл, Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл, Талғат Бигельдиновтың туғанына 100 жыл, Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл, Қазақстанның БҰҰ құрамына кіргеніне 30 жыл, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жылдығымен байланыстыру арқылы жас ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, сонымен қатар татулығы мен тыныштығының негізі болатындығын оқушыларға жеткізу. Міндеттері:
-Оқушыларды Отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу;
-Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту;
- Бүгінгі заманға сай іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу. Тарих ол уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадайды қасыңа әкеп, шалғай туын.
Тарих ол бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.
Апталықтың аясында оқушыларымыз белсене ат салысып қатысады деген ойдамыз.

https://www.instagram.com/p/CmJKU8MDkcl/


Комментариев нет
Просмотров: 112
Автор: b1437skobilim
Сайт: www.b1437.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.12.2022 в 14:52