Интернет - тәуелділік
Бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ғасырдың ең озық жетістігі әрі сырқаты болып саналатын ғаламтордың жастарымызға пайдасы мен зияны қатар тиюде.
Әсіресе, ғылыммен техника дамыған заманда ғаламтордың қызметіне ұялы байланыс арқылы жүгінетіндер көбейді. Оның ішінде, ең көп қолданушылар 16-29 жас аралығын құрайды. Сондай-ақ, елімізде әрбір төртінші адам батырмалы телефонды пайдаланады.
Жалпы, елімізде интернет пайдаланушылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл халықтың 70 пайызы деген сөз. Әлеуметтік желіде көрген-білгендерін қызықтап, қажетті ақпараттармен бөлісіп, фото орнату, лайк басу, пікір білдіру, селфи жасау үрдісі қалыпты дағдыға айналды.
Бүгінде интернетке тәуелділіктің салдарынан жастардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті де төмендеп барады.
Осы тарапта психологиялық кеңестерді ұсынамыз:
Өмірде шынайы қарым-қатынаста болыңыз;
«Адал дос шынайы өмірде» – виртуалды өмір ешқандай нақты қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырмайды;
Өміріңізді жағымды эмоцияларға толтырыңыз;
Компьютерде өткізетін уақытыңызды тиімді пайдалануды алдын ала жоспарлаңыз;
Шынайы өмірде өзіңізге қызықты іспен айналысыңыз;
Бос уақытыңызды таза ауада өткізіңіз, спортпен шұғылданыңыз;
Ата-анаңыз «көп уақытыңды компьютерде отырасың», деген ескертулер болса сөздеріне құлақ салыңыз.