«SMART педагог-болашақтың ұстазы» атты мектепішілік конкурсы
Ағымдағы жылдың желтоқсанның 12 жұлдызы Ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «SMART педагог-болашақтың ұстазы» атты мектепішілік конкурсы ұйымдастырылып, бірінші кезеңі өткізілді.
Конкурс «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ-нің келісімімен «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-мен өткізілетін іс-шара.
Конкурстың мақсаты: жас мұғалімдердің АКТ саласындағы педагогикалық шеберлігін арттыру және бәсекеге қабілетті ортада өз құзыреттілігін таныту.
Конкурсқа мектебіміздің 10 жас маманы қатысады. Конкурс 3 кезеңнен тұрады. Бүгін «Шеберлік сағат», яғни мектеп педагогтерінен құралған (5 адам) фокус топтарға шеберлік сағатын көрсету кезеңі өтті. Жас мамандарымыз кәсіби шеберліктерін таныта отырып, ұстаздарға заманауи ресурстар мен тиімді платформаның бірнеше түрін таныстырып, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді таратты.
Конкурс Ережесіне сай аталған кезеңнен төмен ұпай жинаған 2 жас маманымыз келесі кезеңге жолдама алмайды. Фокус топтардағы әріптестеріміздің қойған ұпайларын санай келе, келесі кезеңге өткен Башарова Жанар Саматовнаны, Әбілда Айкүміс Ақжігітқызын, Бостан Ерқанат Қуанышбекұлын, Бапашев Мақсат Амангелдіұлын, Хаержанов Мейірбек Қайратұлын, Абдразахов Нұрсейіт Абдрашитұлын, Шахуаданов Расул Серікұлын, Кожанова Рахия Жарқынқызын құттықтаймыз! Келесі кезең желтоқсан айының 12-15 жұлдызы аралығында өтеді. Бұл кезеңде 25orta_mektep.edu.kz инстаграм әлеуметтік парақшасында «Бір әдіс» рубрикасымен сабақта қолданатын әдіс-тәсіл, шығармашылық идеясы, т.с.с. бейнематериалын жариялап, лайк және түсініктемелер жинаулары тиіс. Біздің ұстаздарымызды қолдайсыздар деген үміттеміз, құрметті оқырмандар!