Назарбаев зияткерлік мектебінде ашық есік күні
2022ж. 22.12 Назарбаев зияткерлік мектебінде ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 6-сынып оқушылары ата-аналарымен және мұғалімдерімен бірге оқу орнына барып, Зияткерлік мектепте оқыту ерекшеліктерімен танысты. Оқушыларға мектеп бойынша экскурсия жүргізілді: мектептің қызметімен - әлеуметтік бағдарламалар мен практикалармен, үйірмелер мен сыныптан тыс іс-шаралармен, мектептің негізгі жобаларымен таныстырылды. Сондай-ақ, балалар Зияткерлік мектеп оқушыларының ғылыми жобалар көрмесі мен шығармашылық қолөнерімен жәрмеңкелерді тамашалай алды.
Оқушылар мен олардың ата-аналары мектеп бойынша ұйымдастырылған арнайы консультациялық пункттерден демалыс және виртуалды мектептерге түсу, оқыту және тіркелу мүмкіндіктері мен перспективалары туралы біле алды.
фотоесеп
facebook