Меню KDT

"ОЛИМИКС" техникалық шығармашылық шеберлік чемпионаты

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында Оқушылар сарайында "ОЛИМИКС" техникалық шығармашылық шеберлік чемпионаты өтті. 


Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында Оқушылар сарайында "ОЛИМИКС" техникалық шығармашылық шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа қала мектептерінің командалары қатысты. Чемпионат форматы инженерлік қызмет пен ақпараттық технологияларды біріктіруге мүмкіндік берді: бөлінген уақыт ішінде (3 сағат) қатысушыларға еркін тақырыпта роботехникалық конструкцияның қолданыстағы моделін жасап, оны қазылар алқасының алдында таныстыру қажет болды. Жасалған модель бұрыннан бар өнертабыстың прототипі болуы мүмкін немесе өз дизайнына сәйкес жасалған және теңдесі жоқ туынды болуы мүмкін. Аталған чемпионатқа мектебімізден екі команда қатысып, өздеріне мол тәжірибе жинап қайтты. Команда құрамында болған оқушылар:
Сериков Мансур, 11-сынып,
Каликенов Саян, 11-сынып,
Ташев Ильяс, 11-сынып
Адам Әділхан, 11-сынып
Жамбул Сейлхан, 5-сынып
Ақылтай Әмірхан 10- сынып
Сабыров Фархат, 10-сынып
Оқушылармыздың жасаған модельдеріне әділ қазылар қызығушылықтарын танытты. Алдағы уақытта оқушыларымыз осындай сынды сайыстарға қатысып, өз бақтарын сынамақ. Айта кетейік, оқушыларымызға Хаержанов Мейірбек Қайратович және Кожахметова Ақмарал Ерболатовна жетекшілік етті.

https://www.instagram.com/p/CmbAyTdNWRg/ 


Комментариев нет
Просмотров: 81
Автор: b1437skobilim
Сайт: www.b1437.sko-bilim.kz
Добавлено: 21.12.2022 в 11:23