Меню KDT

«SMART педагог-болашақтың ұстазы» атты мектепішілік конкурсының қорытындысы

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында жас мұғалімдердің АКТ саласындағы педагогикалық шеберлігін арттыру және бәсекеге қабілетті ортада өз құзыреттілігін таныту мақсатында ұйымдастырылған Ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «SMART педагог-болашақтың ұстазы» атты мектепішілік конкурсының 3-ші кезеңі өтті. 


Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында жас мұғалімдердің АКТ саласындағы педагогикалық шеберлігін арттыру және бәсекеге қабілетті ортада өз құзыреттілігін таныту мақсатында ұйымдастырылған Ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «SMART педагог-болашақтың ұстазы» атты мектепішілік конкурсының 3-ші кезеңі өтті. Конкурс ережесіне сай, 3-ші кезеңге @25orta_mektep.edu.kz инстаграм әлеуметтік парақшасында «Бір әдіс» рубрикасымен сабақта қолданатын әдіс-тәсіл, шығармашылық идеясы, т.с.с. бейнематериалын жариялап, лайк және түсініктемелер жинаған 5 жас маманымыз жолдама алды. Ұстаздарымызға қолдау көрсетіп, жылы тілектеріңізді инстаграм парақшасында қалдырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Ақтық кезеңде аталған ұстаздар жеребе тартып, қаламыздың қазақ мектептерінде көшпелі-тәжірибелік сағаттарын өткізді. Көшпелі-тәжірибелік сағаттар төмендегі кестеге сай өтті:
 Башарова Жанар Саматовна – 9 сыныптарға география пәнін Әл-Фараби мектеп-лицейінде; @al_farabi_lyceum_school18
 Абдразахов Нұрсейіт Абдрашитович – 7 сыныптарға география пәнін Жұмабек Ташенов атындағы 20 орта мектепте;
 Кожанова Рахия Жаркыновна – 5 сыныптарға ағылшын тілі пәнін Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында; @kshg19
 Шахуаданов Расул Серикович – 9 сыныптарға химия пәнін Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте; @6sch.petropavl
 Әбілда Айкүміс Ақжігітқызы – 1 сыныптарға әліппе пәнін Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясында берді. @g_classical96
Айта кетейік, мектеп әкімшілігі, сонымен қатар, сабақтарға қатысқан ұстаздар, оқушылар жас мамандарымызға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сабақтардың жоғары деңгейде жоспарлағандықтарын, мектептердің арасында жақсы тәжірибе алмасу ұйымдастырылғандығын атап кетті. Шынымен де, біздің ұстаздарымыз үлкен ерлік жасады. Себебі таныс емес оқушыларға, таныс емес мектепте, жалпы таныс емес ортада өздерінің сабақтарын жоғары деңгейде беріп шықты.


https://www.instagram.com/p/Cmqa3jIN4pA/ 


Комментариев нет
Просмотров: 92
Автор: b1437skobilim
Сайт: www.b1437.sko-bilim.kz
Добавлено: 28.12.2022 в 11:25