"Сиқыршы-қыс келді" суреттер көрмесі
"Кітап оқитын мектеп" жобасы аясында, қысқы демалысқа арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 31 желтоқсан – 2023 жылғы 5 қаңтар аралығында "Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп" КММ кітапхана меңгерушісі Н.В. Антонова "Сиқыршы-қыс келді" тақырыбында балалар суреттерінің көрмесін өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты - оқушылардың шығармашылық, көркемдік қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамға тәрбиелеу, қоршаған әлемдегі табиғат сұлулығын көру.
Көрмеде түрлі техникада орындалған жұмыстар ұсынылды: гуашь, акварель, қарындаштар, фломастер. Әр сурет өзінің қиялымен ерекшеленеді. Балалар қыста табиғатты, қысқы ойын-сауықты, түрлі-түсті моншақтар мен ойыншықтармен безендірілген жасыл шыршаны, Жаңа жылдық ертегі кейіпкерлерін - Аяз Ата мен Ақшақарды, аққаланы бояды.
Бұл іс-шараға 1-4 сынып оқушылары белсенді қатысты, әсіресе 3 "Б" және 3 "В" сынып оқушылары. Көрмеге қатысқан барлық оқушылар грамоталар мен естелік сыйлықтар алды.
фотоесеп
facebook