Меню KDT

Волейболдан жарыс


Қысқы демалыс кезінде 5 қаңтар күні 8-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті. Іс-шараның мақсаты -көпшілікке танымал спорт түрлерінің бірі волейболды дамыту және оқушыларды жүйелі дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулыту. Сайысқа 8,9,10-11 сынып командалары қатысты. Қатысушылар айналмалы жүйе бойынша ойнады.

Балалардың волейболға деген байыпты көзқарасы бірінші ойында-ақ байқалды. Әрқайсысы әртүрлі тәсілдермен доптың өз алаңына түсуіне жол бермеді.Қатысушылардың негізгі міндеті- допты қабылдау кезінде қателеспеу және қарсылас қай жерде доп түсетінін болжай алмайтындай етіп

ойнау.  Дәл осы тактика 9-сынып командасының 1 орынды жеңіп алуына көмектесті. Турнирдің екінші орнында 8 және 10-11 сынып командалары орналасты.


Комментариев нет
Просмотров: 275
Автор: b145skobilim
Сайт: www.b145.sko-bilim.kz
Добавлено: 06.01.2023 в 00:04