Меню KDT

«Заманауи педагог - белсенді зерттеуші, жаңашыл, көшбасшы»


⚜️ Халықаралық білім беру күнін мерекелеу аясында 2023 жылғы 24 қаңтарда Петропавл қаласының «Нұр бөбек» б/б базасында «Заманауи педагог - белсенді зерттеуші, жаңашыл, көшбасшы» тақырыбы бойынша «Шырақ» мектепке дейінгі ұйымдар педагогтары қауымдастығының отырысы өтті. Отырыстың мақсаты-мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға мүдделі адамның жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату арқылы кәсіби қоғамдастықты дамыту.
Отырыс барысында Заманауи мектепке дейінгі білім беруді дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды: пәндік-дамыту ортасын құруға қойылатын талаптар, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық, мемлекеттік тілді оқытуда заманауи технологияларды қолдану.
Іс-шара соңында ұсыныстар берілді.


Комментариев нет
Просмотров: 381
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 24.01.2023 в 10:37