Меню KDT

Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!


 

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектебімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Біз салауатты өмір салты ұстанамыз!» атты үгіт-насихат топтарының байқауы жалғасуда. Бұл жолы 2-сынып оқушылары өз өнерлерін қазылар алқасына ұсынды. Балалар сайысқа қатысу арқылы денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығын түсіндірді.

 2-сынып оқушылары ұстаздарының жетекшілігімен салауатты өмір салтын насихаттайтын, жаман әдеттердің алдын алатын драмалық, музыкалық, спорттық миниатюралар көрсетті. Көрермендер үгіт-насихат топтарының өнерлерін белсенді түрде қолдады.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың байыпты дайындығын, жауапкершілігін және әртістігін атап өтіп, бірауыздан барлық командаларға 1-орын берді. Құттықтаймыз!


Комментариев нет
Просмотров: 331
Автор: b145skobilim
Сайт: www.b145.sko-bilim.kz
Добавлено: 11.02.2023 в 13:51