Меню KDT

Мұқағали Мақатаевтың “Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай”


🔰🔰🔰Бүгін, мектебімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай” атты ақынды еске алу кеші өтті. Кешімізде артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, әндері шырқалып, поэмадан үзінді қойылды. 
 
🔶 Кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болды. 
🔶Өздерінен кейінгі ұрпақтарына баға жетпес  рухани қазына қалдырып,  Мәңгілік Музаға айналған Мұқағали Мақатаевтың  ерен  есімі мен  мол ғибрат,  таусылмас  тәлім-тәрбие аларлық туындылары қазақ  халқымен бірге  мәңгі жасай бермек. 
🔶Кешіміздің соңында мектебіміздің директоры Сауле Мыншалқызы мен директордың мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі орынбасары Гаухар Жетебаевна сөз сөйлеп қорытындылады.
🔶 Кеш ұйымдастырушылары қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жас мамандары.
 🔶Кеш қатысушылары:5,7 және 10,11 сынып оқушылары болды.
 


Комментариев нет
Просмотров: 242
Автор: 16mektep
Сайт: www.16.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.02.2023 в 13:00