Меню KDT

Облыстық олимпиада жеңімпаздары

2023 жылдың  16-17 ақпан аралығында Петропавл қаласында ҚГБ пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.


"Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады" деп ұлы Абай айтпақшы мектебімізден республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан намысын қорғаған оқушыларымыз жүлделі орын иеленіп, мерейімізді арттырды. Олар: қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні бойынша - 11-сынып оқушысы Табылдынова Әдима II жүлделі орын, тарих пәні бойынша - 11-сынып оқушысы Мұратбек Сабина II орын, 9-сынып оқушысы Молдахмет Зере II орын, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша - 9-сынып оқушысы Кужибаева Томирис III орын. Болашақта білім майданының жеңімпаздары атанып, талай белестерді бағындыратынына сенеміз! Оқушыларымызға толағай табыс тілейміз!


Комментариев нет
Просмотров: 511
Автор: b0123skobilim
Сайт: www.b0123.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.02.2023 в 08:56