"Пришимья жұлдыздары" атты байқаудың аудандық кезеңін өткізді.
"СҚО, Айыртау ауданының білім бөлімі" КММ "Қосымша білім беру орталығы" МКҚК бүгін, ақпан айының 22-сі күні Айыртау аудандық мәдениет үйінде вокалды жанрды тереңірек дамыту, жас вокалистердің орындаушылық шеберліктерін арттыру мақсатында "Пришимья жұлдыздары" атты байқаудың аудандық кезеңін өткізді." Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша 6-10 жас аралығында Ағыбай Ақерке және 11-13 жас аралығында Ерсін Тамырлан қатысты. Ағыбай Ақерке "Отан" әнін орындап, "Белсене қатысқаны үшін" арнайы дипломмен марапатталса, ал Ерсін Тамырлан "Миллион алых роз" әнін ремикс түрінде орындап, жүлделі 2- орын алды.Жеткіншек өнерпаздарымыздың қанаттары талмай, биіктерден көрінгенін тілейміз. Жас әншілеріміздің жетекшісі музыка пәні мұғалімі Рүстемов Наурызбай Талғатбекұлына шығармашылық табыстар тілеп, өнердің биігіне шығар шәкірттері көп болсын дейміз.