«Өмір – мендегі ең қымбат нәрсе» тренинг сабағы
«Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де 6-7 сынып оқушыларымен педагог-психолог «Өмір – мендегі ең қымбат нәрсе» тренинг сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу;
адам өмірінің құндылығы туралы түсініктерін және төзімділік дағдыларын қалыптастыру
Оқушылар «Құндылықтар сандығы», «Есептер банкі», «Жарнама» жаттығуларын орындады. Шара соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, ең басты құндылық – ӨМІРді бағалай білуге үйренді.
Комментариев нет
Просмотров: 323