Меню KDT

М.Қозыбаев атындағы СҚУ тілдер мамандығы бойынша пән олимпиадасына қатысу нәтижесі

Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары М.Қозыбаев атындағы СҚУ  
 тіл және әдебиет Институтының ұйымдастыруымен облыстық деңгейдегі пән олимпиадасына қатысты.


 

Пән олимпиадасының негізгі мақсаты мен міндеттері- оқушылар бойында тілдерді үйренуге, ғылыми-зерттеу жұмысына шығармашылық қызығушылықтар мен шығармашылық қабілеттерін анықтап дамыту.

Қазақ тілі бойынша олимпиада қорытындысы: 2орын-10сынып оқушысы Токтубаева Сабина, 3орын- 11сынып оқушысы-Нуржанова Аклима. Жүлделі орын иегерлерін олимпиадаға дайындаған мұғалім-Горбатова Наталья Юрьевнаны құттықтаймыз!


Комментариев нет
Просмотров: 280
Автор: b145skobilim
Сайт: www.b145.sko-bilim.kz
Добавлено: 02.03.2023 в 13:01