Меню KDT

«КӨКТЕМ АРУЫ 2023» ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ


        2023 жылдың 06 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп –лицейінде Жас Ұлан және Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Көктем аруы 2023» атты қыз сыны байқауы болып өтті. Сайыстың басты мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Байқауға 5-7 сыныптың қыз балалары қатысты.
Байқауда аруларымыз мына кезеңдер бойынша сынға түсті:
І кезең «Таныстыру» - Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт келбеті, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ кезең «Өнер көрсету» - Ән айту, би билеу, әзіл - ысқақ т.б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі.
ІІІ кезең «Білімдіге дүние жарық» - Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 7 «Ә», 7 «Г» сынып қыздары, ІІ орынды 5 «Ж», 7 «А» сынып қыздары, ІІІ орынды 5 «Б», 6 «Б» сынып қыздары иеленді. Сондай-ақ «Өнерлі ару», «Көрікті ару», «Іскер ару», «Шырайлы ару» номинацияларымен марапатталды.


Комментариев нет
Просмотров: 402
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.03.2023 в 11:39