Меню KDT

14 наурыз – Көрісу күні.

14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. 


14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

14наурыз күні «№5 орта мектеп» КММ Наурыз мерекесіне арналып «Көрісу күні» өтті .Мерекеде мектеп ұжымы оқушыларға мерекелік дастарқан жайып, бата мен ізгі тілектер айтты. «Көрісу күні» оқушылар мен мектеп ұжымның көңілінен шықты.

 


Комментариев нет
Просмотров: 246
Автор: b145skobilim
Сайт: www.b145.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.03.2023 в 16:17