Меню KDT

ҚАШЫҚТЫҚТАН ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК


БҚО алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Білім беру дамыту орталығы ағымдағы жылдың 24 сәуірінде ZOOM платформасында "Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану" тақырыбымен вебинар өткізді. Вебинар басында Білім беруді дамыту орталығының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні әдіскері А.Д.Куанов қашықтықтан оқыту жүйесі туралы айтып өтті.
Орал қаласының "№5 ЖОББМ" КММ АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Сагинтаев Е.Ж. сабақты жоспарлау мақсатында "Эвакуация және тұрғындарды бытыраңқы орналастыру" тақырыбында онлайн сабақ өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға 32 педагог қатысты.


Комментариев нет
Просмотров: 65
Автор: anuarbekov.adilet
Сайт: tsro.bko.agartu.kz
Добавлено: 15.03.2023 в 16:40