Меню KDT

"Наурыз мейрамы" тәрбие сағаты


Ақан МББК мектеп-интернатында Наурыз мейрамы қарсаңында тәрбие сағаты өтті: Наурыз мейрамы. Мақсаты: оқушылардың Наурыз мейрамы туралы білімдерін пысықтау; коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, бос уақытын қызықты өткізу; қызығушылықтарын арттыру және туған елдің мерекелері мен салт-дәстүрлерін құрметтеуге, мәдениетін дамытуға тәрбиелеу. Педагог С.Е.Жалмағамбетова балаларға Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі, қай халықтар мерекені тойлайтыны туралы, басты ырымдық тағам Наурыз-көже туралы әңгімелеп берді.Әңгімелесуден кейін балалар тамашалауға арналған презентация көрсетті, одан кейін балалар бауырсақ пен тәттілер қосылған шәй берілді.


Комментариев нет
Просмотров: 277
Автор: b012skobilim
Сайт: www.b012.sko-bilim.kz
Добавлено: 16.03.2023 в 10:23