Меню KDT

"Наурыз-бірлік, махаббат және жаңару уақыты" атты салтанатты жиын өтті.


№7 орта мектеп" КММ - де Наурыз мейрамы қарсаңында "Наурыз-бірлік, махаббат және жаңару уақыты" атты салтанатты жиын өтті . Іс-шараға 9 "А" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Құралай Ғазизқызы Мұхамеджанова қатысты. Іс-шараның басты мақсаты оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлеріне деген қызығушылығын дамыту, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту болды. Балалар желіні қоюға белсене қатысты , Наурыз мейрамын тойлау туралы аңыздардың бірі туралы айтып берді, барлық халықтар Жаңа Жылды қарсы алуға қалай дайындалды: үйлерін тазалап, безендірді, жаңа жарқын киім тігіп немесе киім сатып алды, «Наурыз көже» тағамын даярлайды .
Наурыз-еңбек, бейбітшілік және достық мерекесі. Адамдар ескі реніштерін кешірді. Олар өздеріне және басқаларға жақсылық пен бақыт тіледі. Бұл күндері барлық адамдар Қыдыр атадан батасын алуға асықты. Басты іс-шараның қонақтары бастауыш, орта буын сынып оқушылары болды. Олардың алдында өз мәнерлігін 9 "А" сынып оқушылары көрсете білді, оның арасында ең белсене қатысқан келесі оқушылар : Коваленко Полина, Бромот Вероника,Матушкевич Венера, Мусулманбекова Сабины, Усеинов Алихан, Утегенов Адильхан, Максимовский Никита, Серов Роман, Поротиков Александр, Акназарова Виктория мен Макенова Дана. Барлық өткізілген іс-шара өте қызықты және танымды болды, балалардың өнеріне барлық қауым жақсы көңілмен ризашылықтарын білдірді.



Комментариев нет
Просмотров: 451
Автор: b147skobilim
Сайт: school7.edu.kz
Добавлено: 16.03.2023 в 15:26