Меню KDT

«ЕЛІМНІҢ ТАҒДЫРЫ — МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ»


2017 жылы қараша айының 30 жұлдызында Бидайық ауылының Демалыс орталығында Тұнғыш Президент күнiне арналған «Елiмнiң тағдыры — менiң тағдырым» атты салтанатты жиын өттi. Iс-шараға аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерлiк бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Талант Қабылқақ, Бидайық ауылдық округiнiң әкiмi Торғын Олжабайқызы Күйшiбаева және ауыл тұрғындары қатысты. Торғын Олжабайқаза Күйшiбаева мерекемен барша қонақтарды құттықтап — «Жоғары Парламентiнiң бекiтуiмен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет — Тұңғыш Президент күнi мемлекеттiк мереке ретiнде аталып өттi, бұл баршамыз үшiн қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметiн айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенiң дәстүрлi iс — шараға айналуға орны бар екенiн шынайы сезiм мен айтып өтуге тура келедi.», — деп өз тiлегiнде айтып өттi. Және де ауыл тұрғындарын Талант Қабылқақ құттықтап, денсаулық, жақсылық, ашық аспан тiледi. Салтанатты жиын мерекелiк концертпен жалғасты.

 


Комментариев нет
Просмотров: 101
Автор: anuarbekov.adilet
Сайт: adilet.gov.kz
Добавлено: 20.03.2023 в 09:58