Шымырлық пен шеберлік күні
Рудный орта мектебінде, мектептің тәрбие жоспарына сәйкес, оқушылардың
«денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту, спортпен шұғылдануға дағдыландыру мақсатында Наурыз мерекесі жоспарына сәйкес, 5 -9 сынып оқушылары арасында "Шымырлық пен шеберлік" күніне орай, спорттық іс-шаралар өткізілді. Дене шыңықтыру мұғалемдер ұлттық ойындар ұйымдастырды.



Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады.
Ләңгі тебу, асық ойнау әсіресе балалар арасында жиі өтеді. Асық ойнау көзге тым қарапайым көрінгенімен бала денсаулығына өте пайдалы. Асық – қойдың асықты жілігінен алынатын сүйек. Баланы ептілікке, шапшаңдыққа, алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді.