Меню KDT

«Наурыз-көктем мерекесі» мәнерлеп оқу сайысы


2023 жылдың 16 наурызында Наурыз мерекесіне орай №4 орта мектепте 1-4 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы  өтті. Барлығы 32 қатысушы қазақ тілінде "Наурыз" "Наурыз Көктем" "Наурыз әні"өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қазылар алқасының құрамына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері   Құсайынов А А., Сарсекова А А., Қазиева Э Т., және мектеп кітапханашысы Наталья Эдуардовна кірді. Қазылар алқасы өлеңді мәнерлеп оқуға, мәтінді жатқа білуге ерекше назар аударды. Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы барлық оқушылардың жақсы дайындығын атап өтіп, әр сыныптан 3 жеңімпазды анықтады.



















Комментариев нет
Просмотров: 263
Автор: b144skobilim
Сайт: www.b144.sko-bilim.kz
Добавлено: 27.03.2023 в 09:15