Меню KDT

«Наурыз» кітап көрмесі


Наурыз- қазақ халқы ғана емес,  Азия халықтарының басты мейрамы. Бұл көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Наурыз 22-сі күні көктемгі күн мен түннің теңелген күні тойланады. Мереке қарсаңында мектеп кітапханасында «Наурыз» кітап көрмесі безендірілді. Көрмеде Наурыз мейрамының тойлану тарихы, қазақ халқының рухани-мәдени өміріндегі осы мейрамның алатын орны, Қазақстанның табиғаты, қазақ халқының салт-дәстүрлері, бата мен тілек беру, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, халқымыздың қолөнері туралы баяндайтын кітаптар қойылды. . «Наурыз құтты болсын!», «Ақ мол болсын!»- деген ізгі тілектер халқымызға молшылық пен байлық тілейді. Барлықтарыңызды көрмені тамашалауға шақырамыз!

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 283
Автор: b145skobilim
Сайт: www.b145.sko-bilim.kz
Добавлено: 18.03.2023 в 16:04