Меню KDT

«Мектепке кітап сыйла» акциясы


«Мектепке кітап сыйла» акциясы

16 ғасырдағы ағылшын ойшылы Фрэнсис Бэкон: «Кітаптар – бұл уақыт толқындарын кезіп, қымбат жүктерін ұрпақтан - ұрпаққа ұқыпты алып жүретін ой кемелері», - деді.

Біздің мектепте «Мектепке кітап сыйла» акциясы өтті. Акцияның мақсаты -мектеп кітапханасының қорын толықтыру. Акцияның міндеттері: балаларды оқуға тарту, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, заманауи балалар авторларының кітаптарын насихаттау, отансүйгіштікке, мектепке деген жауапкершілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу.

Кітап көрмесінде мектепке сыйға тартылған кітаптар ұсынылды. Сыйға тартылған кітаптардың қатарына ертегілер, оқулықтар, классикалық және көркем әдебиеттер жатады. Біздің кітаптар жаңа үй мен жаңа оқырмандар тапты! Бір айда акцияға көптеген мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және С. Мұқанов атындағы кітапхана өкілдері қатысты. Мектеп кітапханасы 124 дана кітаппен толықтырылды. Әсіресе, 1 « Б», 1 «Г», 2 «Б», 3 «Б», 3 «В», 3 «Г», 5 «Д», 6 «Б», 7 «В», 9 «А», 10 «Б» сынып оқушыларын атап өткім келеді. Ал көшбасшылар 2 «А» сынып оқушылары болды, олар 33 кітап және 6 «В» сынып оқушылары 24 кітап сыйлады. Акцияның барлық қатысушыларына алғыс айтамыз.


Комментариев нет
Просмотров: 556
Автор: b147skobilim
Сайт: school7.edu.kz
Добавлено: 21.02.2023 в 17:26