Меню KDT

ФИЗИКА ПӘНІНЕН 8-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ


🔻 2023 жылдың 30 қаңтарында облыстық физика мұғалімдері қауымдастығының қызметі аясында 8-9 сынып оқушыларына арналған физика пәнінен облыстық олимпиада өткізілді.
🔻 Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту және анықтау, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау.
🔻 Облыстық кезеңге олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңдерінің 30- дан астам жеңімпаздары қатысты.
🔻 Олимпиада жеңімпаздары «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дипломдарымен марапатталады, қатысушыларға сертификат беріледі.
🔻 Олимпиада нәтижелерімен сайтта танысуға болады: https://cmrito.edu.kz/


https://drive.google.com/file/d/1ugzhdCwrPLcl96t9rbxWHieH2tn1at1J/view?usp=share_link 


Комментариев нет
Просмотров: 616
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 30.03.2023 в 17:46