Меню KDT

#шахматойыны

Логикалық ой-өрісті дамытатын, ойлау жылдамдығын арттырып, тез шешім қабылдауға машықтандыратын спорт түрі-шахмат.


#шахматойыны
Логикалық ой-өрісті дамытатын, ойлау жылдамдығын арттырып, тез шешім қабылдауға машықтандыратын спорт түрі-шахмат.
Мектебімізде шахматшылар үйірмесіне қатысатын оқушыларымыздың жетістіктері де жетерлік. Облыстық білім басқармасы, дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған облыстық ұлттық мектеп лигасында шахматтан 9-11 сынып арасында жалпыкомандалық есепте Саумалкөл қазақ орта мектебі үшінші орын алып марапатталды. Жүлдеге ие болған оқушыларымыз: Қайыртай Мадияр, Серікбай Арғын, Айтжан Әділ және Имангалиева Аяжанды құттықтап, "Шахмат үйірмесі" жетекшісі, дене тәрбиесі пәні мұғалімі А. М. Кусаиновқа алғыс білдіріп, шәкірттеріңіздің қанаты талмасын дейміз.


Комментариев нет
Просмотров: 231
Автор: b0127skobilim
Сайт: www.b0127.sko-bilim.kz
Добавлено: 31.03.2023 в 16:25