Меню KDT

Ұстаздар күні

https://www.facebook.com/profile.php?id=100023833780653


Құрметті, Ұстаздарым! Сіздерді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғандарыңызды мақтан етемін! Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуларыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылдарыңызбен тәрбиеледіңіздер. Әрқайсымыздың өмірден өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл - кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқандарыңызға мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымды білдіргім келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегендеріңіз үшін біз сіздерге әрқашан қарыздармыз. Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгендеріңізбен қатар, бойларыңыздағы бар жинап-терген білімдеріңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіздер. Балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіздер. Ол армандарыңыз өздеріңіздің ерен еңбектеріңіздің арқасында орындалуда. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сіздерге әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін көріп, шәкірттеріңіздің қызығына кенеле берсін деп тілеймін. Ізгі тілекпен мектеп түлегі Мурсаликызы Нурсулу!


Комментариев нет
Просмотров: 425
Автор: b1030skobilim
Сайт: www.b1030.sko-bilim.kz
Добавлено: 29.09.2022 в 21:41